Прямая трансляция

Астана

Астана

26.94°C

«Хейт жазатындар – ауылдан»: Қабатовтың қызы хейтерлерге жауап беремін деп, көпшіліктің сынына ұшырады

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айарудың тікелей эфирде айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Хейт жазатындар – ауылдан»: Қабатовтың қызы хейтерлерге жауап беремін деп, көпшіліктің сынына ұшырады
Фото: әлеуметтік желіден

«Сендердің жеккөрушілікке толы пікірлерің – менің артықшылығым. Маған жағымсыз пікір жазатындардың бәрі ауылдан шыққан деп ойлаймын. Өмірде ештеңеге қол жеткізбеген адамдар. Ал мен 14 жасымда керемет билеймін, коньки тебемін, футболды жақсы ойнаймын. Сендер осылардың бірін істей аласыңдар ма? Жоқ. Мүмкін, физикалық тұрғыдан емес шығар, бірақ өздеріңді ауылдан шыққан адамдар сияқты ұстайсыңдар. Тіпті «колхозсыңдар» деуге болады», – деді.

Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай пікірді ауыл тұрғындарын кемсіту ретінде қабылдап, оның тәрбиесіне қатысты сын айтты.

Ал енді бірі Айарудың жас екенін алға тартып, эмоцияға беріліп айтылған сөзі үшін қатаң айыптамауға шақырды.