Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов біраз уақыт көрінбей кеткен соң, Instagram парақшасында алғаш рет жазба жариялады. Бұл – ел арасында тараған жеке өміріне қатысты қауесеттерден кейінгі алғашқы байланыс, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі ресми парақшасында өнер иесі оқырмандарына жылы лебізін жеткізді.
«Ассалаумағалейкум, достар! Бүгінгі күн береке мен жақсылыққа толсын», – деп жазды әзілкеш.
Желі қолданушылары әзілкештің сырт келбеті мен үнсіздігіне назар аударып, түрлі пікір қалдыруда. Кейбірі оны «өзгеріп кеткен» деп сипаттады.