Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстанда тағы да жер сілкінді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда тағы да жер сілкінді
Фото: istockphoto.com

Жер сілкінісі бүгін, 27 мамыр күні, астана уақытымен 08:40-та тіркелді.

Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, магнитудасы – 4,4, энергетикалық класы – 9,5. Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.