Прямая трансляция

Астана

Астана

9.12°C

«Қыр соңымнан қалмай қойды»: Ұтыс ойнатып басы дауға калған блогер өз шындығын айтты

Блогер Камила Юсупова Дамир Төлеуов есімді ер адамның қызына уәде етілген автокөліктің әлі берілмегені туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Қыр соңымнан қалмай қойды»: Ұтыс ойнатып басы дауға калған блогер өз шындығын айтты
Фото: видиодан скриншот

Камила Юсупова әлеуметтік желідегі жазбасында бұл жағдайға бейжай қарамайтынын айтты. Оның сөзінше, ол жобаға сыйлықтардың толық берілетініне қатысты уәде алғаннан кейін қатысқан.

«Жауапкершілік берімізде, бұл жерде “моя хата с краю” дей алмаймыз! Алмас Бекіштің “қандай жағдай болмасын, сыйлықтар 100% беріледі” деген жігіттік сөзін алғаннан кейін ғана мен эфирлеріне қатысқанмын! Бүгінде көлікті беремін деп уәде беріп отыр, десе де бұл жұмысты бастаған адамдардың бәрі бұл іске қатысу керек. Жарты жолдан кетіп қалдым деген әңгіме жарамайды», – деп жазды Камила Юсупова.

Блогер мәселенің соңына дейін жеткізілуіне өз тарапынан көмектесуге дайын екенін атап өтті.

«Мен де үндемей отырмаймын, істі аяғына дейін жетуіне қандай көмегім керек, бәрін жасаймын», – деді ол. 

Жазбаға пікір білдірген оқырмандардың арасында да бұл мәселеге қатысты сұрақ қойғандар бар. Кейбірі жобаға қатысушыларға сенім артқанын айтып, ұйымдастырушылардан нақты жауап күтетінін жазған.

Бұған дейін Дамир Төлеуов тележүргізуші Аша Матайға, Камила Юсуповаға және продюсер Алмас Бекішке көпшілік алдында үндеу жасап, қызының байқауда жеңімпаз атанып, автокөлік ұтқанын, алайда арада бір жыл өтсе де жүлденің табысталмағанын айтқан еді.

«Осы үшін соттаймын десе, соттасын»: Қарақат Әбілдина тосын жазба жариялады «Осы үшін соттаймын десе, соттасын»: Қарақат Әбілдина тосын жазба жариялады «Өз анам қуанып тұрғандай күй кештім»: Димаш Садраддиннің анасына сөз арнады «Өз анам қуанып тұрғандай күй кештім»: Димаш Садраддиннің анасына сөз арнады «Бір жылдан бері ұтқан көлікті бермей жүр»: Ұтыс ойнатқан Аша Матай мен Камила дауға қалды «Бір жылдан бері ұтқан көлікті бермей жүр»: Ұтыс ойнатқан Аша Матай мен Камила дауға қалды «Бес баламның ешқайсысында күтінген жоқпын»:  Роза Әлқожа босанғаннан кейін енесі қарамағанын айтты «Бес баламның ешқайсысында күтінген жоқпын»: Роза Әлқожа босанғаннан кейін енесі қарамағанын айтты «Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз»: Роза Әлқожа әншілердің шынайы өмірі туралы айтты «Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз»: Роза Әлқожа әншілердің шынайы өмірі туралы айтты Назым Кахарман прокомментировала решение суда по иску матери Куандыка Бишимбаева Назым Кахарман прокомментировала решение суда по иску матери Куандыка Бишимбаева «Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты