«КешYOU» тобының бұрынғы солисі, әнші Жанар Дұғалова Алматыда өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz.
Әнші Қайрат Нұртаспен бірге дуэт орындаған сәтінен видеоны Instagram парақшасында жариялады.
«Алматы, көп рақмет! Қайрат Нұртас 20 жыл сахнада! Шығармашылық кешің құтты болсын!» – деп жазды Жанар Дұғалова.
Сахнаға күміс түсті көйлекпен шыққан әнші көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары оның өнеріне жоғары бағасын беріп, жеке концертін өткізуге шақырды.
«Жанар, өтінемін, жеке концертіңізді беріңізші», «Жанар – аңыз әнші», «Дауысы құлаққа жағымды», «Дауысыңыз қайталанбас, ғажап», «Керемет дуэт», «Жеке концертіңізді күтеміз», «Одан сайын сұлулана түсіпті», «Шынымен өте талантты жан» – деп жазды оқырмандар.