Прямая трансляция

Астана

Астана

3.87°C

«Бес баламның ешқайсысында күтінген жоқпын»: Роза Әлқожа босанғаннан кейін енесі қарамағанын айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа жас босанған әйелге көрсетілетін күтім туралы сөз қозғап, өзіне енесі қарайласпағанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бес баламның ешқайсысында күтінген жоқпын»:  Роза Әлқожа босанғаннан кейін енесі қарамағанын айтты
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі бес баланы дүниеге әкелгенде арнайы күтім көрмегенін айтты. Оның сөзінше, енесі мұндайды білмейтінін ашық айтқан.

«Енем мен бала туған кезде "сені күте алмаймын, ондайды білмеймін. Мені күтпеген" деді. "Жақсы" дедім. Бес бала тудым, ешқайсында күтінген жоқпын. Шауып жұмыс істеп кете бердім», – деді әнші.

Алайда Роза Әлқожа келіні босанған кезде оған барынша жағдай жасауға тырысқанын атап өтті.

«Ал мен келініме олай істемеймін. Келінімді жатқызып қойып күттім. Өзі үй жинап, ыдыс жуып, тамақ істедім. Өйткені ол – менің ұрпағымның анасы», – деді ол.

Әнші жас анаға күтім жасауды кез келген адам үйрене алатынын айтып, бұл бағыттағы өзгерісті өзінен бастағанын жеткізді.

«Қайдан білсең оннан біл, қазір ақпарат көп қой. Күтуді үйренуге болады. Мал төлдеген кезде де қарайсың ғой, қозы туылғанда жаның ашиды. Оның қасында адам туылып жатыр ғой. Сондықтан мен өзгерісті өзімнен бастадым», – деді Роза Әлқожа.

«Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді