Продюсерлер мен «KешYou» тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекованың айналасындағы дау жаңа қарқын алуда. Бағым Мұхитденованың ашынған жазбасынан кейін, оның әпкесі — белгілі продюсер Баян Мақсатқызы да үнсіз қалмай, әншіге қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп жазады Paryz.kz.
Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Мөлдір Әуелбекованың «Құдай сақтасын, бетін аулақ» деп жазған пікірінің скриншотын бөлісіп, бұрынғы шәкіртіне эмоционалды түрде жауап қайтарды:
«Сен менің ең үздік шәкіртім болдың! Мен саған басқаларға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе бердім! Бірақ Құдай ар-ұждан (совесть) үлестіргенде, саған ештеңе тимей қалған ба?!» — деп жазды продюсер.
Еске сала кетейік, шоу-бизнестегі бұл публицистикалық даудың тұтануына оқырманның «Моля, ұстазыңызбен достасыңыз» деген ұсынысына Мөлдір Әуелбекованың қайтарған жауабы себеп болған еді. Алдымен Бағым Мұхитденова ашық хат жазып, әншіні несібесін жеп, сатқындық жасады деп ренішін білдірсе, енді Баян Мақсатқызы да бұрынғы сүйікті шәкіртінің бұл әрекетін «ар-ұждансыздық» деп бағалады.
Қазіргі уақытта желі қолданушылары екі тараптың сөздерін қызу талқылап жатыр, ал Мөлдір Әуелбекованың өзі бұл айыптауларға әлі ресми жауап берген жоқ.