Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса Жанель Макажан әлеуметтік желідегі оқырманының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуі, актер Абай Асылханмен не себепті ажырасқанын баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты
Фото: 365info.kz, Instagram

Өнер иесінің айтуынша, отбасылық өмірінде күйеуінің туыстарымен арада түсініспеушілік, қолдаудың болмауы және сатқындық сияқты жағдайлар болған.

Актриса бұрынғы жолдасының өз отбасы мүшелерінің ықпалынан шыға алмағанын және әйелі мен балаларын қорғамағанын мәлімдеді.

«Әйелдер сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Еріңе сенесің. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Барлығы керемет болады деген аңғал сеніммен жүресің. Одан қалды, сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындық жаныңды ауыртады екен», – деп жазды Жанель Макажан.

Актриса бастапқыда жігіттің отбасы тарапынан қарсылық болған жағдайда мұндай қарым-қатынасты байыппен қарастыру қажет екенін де атап өтті. Оның пікірінше, ерлі-зайыпты бір-біріне қолдау көрсетіп, барлық қиындықты бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік бар.

«Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айдауымен кетсе, не қайыр? Никак қайыр жоқ», – деді актриса.

Жанель Макажан бұл оқиғаға қатысты әлі де айтылмаған жайттар бар екенін айтып, болған жағдайдың егжей-тегжейін толық баяндаса, көпшілік таңғалуы мүмкін екенін жеткізді.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады