Прямая трансляция

Астана

Астана

11.64°C

«Өз анам қуанып тұрғандай күй кештім»: Димаш Садраддиннің анасына сөз арнады

Әнші Димаш Құдайберген жас әнші Садраддиннің Алматыда өткен жеке концертін жоғары бағалап, оның анасы Айгүл Есқараға ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Өз анам қуанып тұрғандай күй кештім»: Димаш Садраддиннің анасына сөз арнады
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі Садраддиннің концертінен үзінділер көргенін айтып, оның жетістігіне қуанышты екенін жеткізді.

«Балаңыздың аяқ алысы құтты болсын. Концерттің үзінділерін көрдім, керемет өтіпті. Бәріміз қуанып жатырмыз. Ініміздің алар белесі мен жеңістері көп болсын. Балаңыздың жетістігіне қуанып, нұрланып тұрған жүзіңізді көргенде, мен де өз анам қуанып тұрғандай ерекше күй кештім. Ұзағынан сүйіндірсін», – деді Димаш. 

Әнші шетелдегі дайындықтарына байланысты Садраддиннің концертіне қатыса алмағанын айтты. Дегенмен ол жас өнерпаздың болашағына сенім білдіріп, халықаралық деңгейге көтерілетініне тілектестік білдірді.

«Өзімнің дайындықтарыммен шетелде жүргендіктен, қолым босамады. Елде болғанда міндетті түрде қолдар едім. Садраддиннің, Алла қаласа, халықаралық деңгейге шығып, әлем бойынша бір стадионды жинап, концерт беретін күні болсын», – деді әнші. 

Өз кезегінде Садраддиннің анасы Айгүл Есқара Димаш Құдайбергеннің ұлына айтқан ақ тілегіне ризашылығын білдірді. Ол өнер адамдарының бір-біріне қолдау көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

«Әлем төбесіне көтеріп, мақтаныш тұтып жүрген Ақ Димаштың ақ тілегін қалай алмайын?! Қалай мақтаныш тұтпайын?! Өссе, қазағымыз өссін! Аяқтан шалу – болмағырдың ғана ісі», – деді Айгүл Есқара.

«Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз»: Роза Әлқожа әншілердің шынайы өмірі туралы айтты «Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз»: Роза Әлқожа әншілердің шынайы өмірі туралы айтты Назым Кахарман прокомментировала решение суда по иску матери Куандыка Бишимбаева Назым Кахарман прокомментировала решение суда по иску матери Куандыка Бишимбаева «Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды «Қияметте жауап бересіңдер»: Әнші Ердос Қанаев отбасын ажырасуға итермелейтін коучтарды сынға алды Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты Жанабыловтың ісі: Астана соты ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты істі тоқтатты «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға үндеу жасады «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады