Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Ағасының қырқы өтпей той жасады»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ағасы қайтыс болғаннан кейін қоныс той жасағаны үшін өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ағасының қырқы өтпей той жасады»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді
Фото: видиодан скриншот

Ол жазбасында ағасын сағынып жүргенін айтып, жақын адамынан айырылғанына қарамастан өмірдің жалғасатынын жеткізді.

«Өзегім өртеніп, жүрегім тілім-тілім болып, жан ағам болғанда да, өзімнің жаныма өте жақын, бір-бірімізді сағынышпен іздеп, маңдайымнан мейірлене иіскеп отыратын ағатайымнан айырылдым», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, отбасы ағасының жетісіне дейін көпшілікпен бірге ас беруді жоспарлаған. Алайда қоныс тойына қатысты көп адамның хабарласуына байланысты жаңа үйге көз жасымен емес, жақсы ниетпен кіруді жөн көрген.

«Жаңа үйге көз жаспен емес, шашумен кіріп, жақсылықтар болсын деп араласып жүрген кісілерден 5-6 адам шақырып, шәй беріп жібердім», – деді ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова бұл үйде жасы үлкендермен қатар жастар да тұратынын айтып, өмірдің жалғасатынын атап өтті.

«Өлімнің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды екен. Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз сол зират», – деп жазды продюсер.

Ол оқырмандарынан өзін түсініп, өсектің орнына жақсы сөз айтуын сұрады.

«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады «Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады «Торттың кесірінен ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова тойдағы дәстүрге қарсы шықты «Торттың кесірінен ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова тойдағы дәстүрге қарсы шықты «Халықтың тілеуі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын дүркіретіп өткізді «Халықтың тілеуі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын дүркіретіп өткізді «Біреуді қаралаумен, мысқылымен өсекке тоймады-ау»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл сынықшы туралы айтты «Біреуді қаралаумен, мысқылымен өсекке тоймады-ау»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл сынықшы туралы айтты «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді