«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол Шымкентке жолға шығуы тиіс болған. Алайда жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты шұғыл түрде ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылған.
«Бүгін Шымкентке ән кешке баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп қалуына байланысты ұжымының көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық!» – деп жазды әнші..
Жазба соңында Кенжебек Жанәбілов өзіне қолдау білдіріп, дұға жасаған көпшілікке алғысын жеткізді. Оның жазбасының астына әріптестері мен оқырмандары тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр.