Прямая трансляция

Астана

Астана

9.47°C

«Өзінен 15 жас кіші»: Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы шындықты айтты

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты тың мәліметпен бөлісті. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында өзінен 15 жас кіші арумен көңіл жарастырып жүргенін жасырмады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Өзінен 15 жас кіші»: Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы шындықты айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Әншінің айтуынша, желі қолданушылары оның таңдауы туралы түрлі пікір жазып жатыр. Алайда ол көпшіліктің біржақты ой қалыптастырып отырғанын жеткізді.

«Бәрі “Мектеп бітірген қыз ба, сабағын оқымай не істеп жүр?” деп жазып жатыр. Екеуміз әлі толыққанды сұхбат берген жоқпыз. Халық біржақты ғана пікір жазып жатыр. Мен де басы істемейтін адам емеспін. Ол 2003 жылғы қыз, қазір 23 жаста», – деді әнші.

Өнер иесі сүйіктісімен біраз уақыттан бері араласып жүргенін, тіпті оның ата-анасымен де танысқанын атап өтті. Қазір екеуі қыз бен жігіт екенін айтты.

Сондай-ақ, Жігер Ауыпбаев бой айырмашылығы туралы сын-пікірлерге де жауап берді.

«Бойы кішкентай деп жатыр. Менің жаныма кімді қойса да, кішкентай ғой негізі. Менің бойым 1,95, жаныма кімді қойса да кішкентай болып қалады. Ол қыздың бойы 1,65. Өзімнен бойы ұзын адамды 1-2-ақ рет көрген шығармын. Бойына қарайтын болсам, өмір бақи бойдақ болып өтеді екенмін», – деді ол.

Әнші сүйіктісінің бойына емес, тәрбиесі мен ой-санасына мән беретінін жеткізді.

Сонымен қатар ол жаңа туындысының да дәл осы аруға арналғанын айтты. 

«Кішкентай қыз» деген әнді сол қызға арнап шығардым. Сәндібек Ботабаев деген композитор, ақын ініміз Ақтауға гастрольге барған кезде шығарып берді», – деді Жігер Ауыпбаев.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады