Прямая трансляция

Астана

Астана

9.47°C

Қаламақы дауы: Композитор өзін Bayansulu сотқа бергенін айтты

Қазақстандық композитор Қуат Әбіл әнші Баянсұлумен арада туындаған дауға қатысты пікір білдірді. Ол өзінің жазған әндері үшін қаламақы алмағанын айтып, әділдік сұрады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қаламақы дауы: Композитор өзін Bayansulu сотқа бергенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Сазгердің айтуынша, ол Баянсұлудың “Ұмытсам да”, “Сондайы бар енді”, “Ауа райы”, “Күтемін”, “Lalala” атты бес әнін жазған. Алайда осы еңбегі үшін бірде-бір төлем алмағанын жеткізді.

“Баянсұлу алғашында келген кезде “Аға, маған ақша керек емес, атым шықса болды” деп айтқан еді. Қолымнан келгенше жұмыс жасадым. Бес бірдей ән жаздым, бесеуі де хит болды. Енді, үлкен мәселе – менің әндеріме қаламақы төленген жоқ. Мен тегін жұмыс істедім. Мен талап еткен қаламақымды төлеуден бас тартып жатыр. Маған бірнеше адамдардан қысым болды. Баянсұлудың “егер бұл әндерді мен айтпасам хит болмайтын еді” деген сөзі маған деген құрметтің жоқтығын көрсетті”, – дейді ол.

Композитордың сөзінше, бұған дейін әншінің YouTube желісіндегі бірнеше әнін өшіртіп, оларды орындауға тыйым салған. Кейін келісім нәтижесінде туындылар қайта жүктелген.

Дегенмен, дау қайта шиеленіскен. Сазгер енді әндерді орындауға толықтай тыйым салатынын, сондай-ақ бейнебаяндардың өшірілетінін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, әнші оны қаламақысын талап еткені үшін сотқа беріп, сотқа шақыру қағазын жіберген.

“Менің меншігімде ештеңе жоқ. Меншігімде – отбасым, бес балам және әндерім ғана бар. Мен өнерге қызмет етіп жүрген адаммын. Ол көмек сұрап келген кезде барымды салып, жақсы әндерімді Баянсұлуға бердім. Жаңа продюсеріне де талабымды айтып, қаламақымды төлеңдер де әндерді орындай беріңдер деп айттым. Қазақ эстрадасына “Баянсұлу” деген ат осы әндер арқылы келді деп есептеймін. Енді, міне ақыр соңында осылай сотқа шақырып жатыр. Қарындасыңдай көріп, бар ынтаңмен жақсылық жасаған адамның осындай соққы жасауы жақсы нәрсе емес. Әнші мен композитордың арасындағы сыйластықтың соңы осындайға келді. Не істерімді білмеймін. Өздеріңіз әділдігін айтыңыздар”, – деді композитор бейнежазбада.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады