Прямая трансляция

Астана

Астана

11.37°C

«Бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеттім»: Өктем Алтаев жауапсыз махаббаты жайлы айтты

Әнші әрі композитор Өктем Алтаев жастық шағындағы жауапсыз махаббаты жайлы «Менің өмірім» бағдарламасында ашық айтты, деп хабарлайды paryz.kz. 


«Бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеттім»: Өктем Алтаев жауапсыз махаббаты жайлы айтты
фото: видеодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, болашақ жары болады деп сенген сүйіктісінің өзге жігіті бар екенін естіген сәті оның өмірінде ауыр із қалдырған. Дәл сол кезеңде жүректен шыққан «Не жаздым, жаным, саған?» әнін жазған.

«Бұл әнді шынымен де күйзеліске түскен кезде жаздым. Мен біреуді жақсы көрсем, бар жүрегіммен беріле сүйетін адаммын. Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Сөйтсем, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен. Маған оны айтпаған. Үйлену туралы сөйлесіп, арада сенім де қалыптасқан еді. Ер адам ғой, “үйленеміз, балаларымыз болады” деп болашақты елестетесің. Бірақ ол “болмайды” дегенде төбемнен су құйғандай сезіндім. Өмірге деген құлшыныс та, адамдарға деген сенім де жоғалды. Жеңгелерім қыз туралы сөз қозғап қалса, «айтпа» деп жиіркенетінмін. Бір қыздың кесірінен бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеткендей күй кештім. 1–2 жыл қатты күйзелісте жүрдім», – дейді ол.

Композитор бүгінде жастық шағында ғашық болған арудың өз бақытын тауып, өмір сүріп жатқанын да жасырмады.

 «Ол қыз бұл әннің өзіне арналғанын біледі. Құдайға шүкір, қазір бақытты. Тағдыр ғой… Әрине, сырттай байқап жүресің. Солай болды», – деді Өктем Алтаев.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады