Прямая трансляция

Астана

Астана

11.88°C

«Аппағым» әні есірткі жайлы»: заңгер Qаrakesek-тің әндерін сахнадан алып тастауды ұсынды

Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әнші Qаrakesek-тің әндеріне тыйым салуды ұсынды, деп жазады Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Аппағым» әні есірткі жайлы»: заңгер Qаrakesek-тің әндерін сахнадан алып тастауды ұсынды
фото: әлеуметтік желіден

«Жақында Ақтөбеде Qаrakesek деген әнші ұсталды. Оның қылмыстық ісі әкімшілік іске ауысып кетті. Бірақ осындай тұлғаларды сахналардан, эфирлерден, платформалардан алып тастау керек. Оның әндері жастар арасында кең тараған. «Әппағым, сенен артығын таппадым» дейді. Былай қарасаң, махаббат туралы ән сияқты. Бірақ ол мефедрон, ақ ұнтаққа қатысты ән деген қауесет бар. Есірткіні астарлап насихаттап жүр. Мәдениет министрлігі осы сынды әншілердің әндерін сахнадан алып тастай ала ма?», - деді заңгер «AMANAT» партиясының жастар кеңесінің отырысында.

Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов жауап берді. Оның айтуынша, жастар арасында есірткіні романтизациялау кездеседі.

«Qаrakesek-тің жағдайына келсек, маған да көп адам «әндерін мас күйінде жазған шығар» деп айтты. Бұл әр адамның қиялы болуы мүмкін. Бірақ, екінші жағынан біз бұл жағынан қалай сақтана аламыз? Мұндайға қатысы бар болған әртістерді қадағалап отырамыз. Бірақ оларды қоғамның өзі де шеттетуі керек. Оны романтизациялайтын қоғамның өзі. Мысалы, «Шекер» сериалынан кейін де қоғамның пікірі екіге жарылып кеткен болатын», - дейді Кочетов.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады