Прямая трансляция

Астана

Астана

11.54°C

«Құдағи атансам да ғашық болып қалдым»: Танымал әнші өз бақытын енді кездестіргенін айтты

Танымал әнші Индира Расылхан жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

«Құдағи атансам да ғашық болып қалдым»: Танымал әнші өз бақытын енді кездестіргенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі ғашық болып қалғанын жасырмады. Тұрмыс құрғысы келетінін айтып, оқырмандарынан бақыт тілеуін сұрады.

 “Алланың қалауымен ғашық болып қалдым. Жарияға жар салып, не болды мына Индираға, деп жатқан да боларсыздар. Бұл сезімді мен өмірімде сезініп көрмегендіктен, сіздерге айтпасам, ішім жарылардай сезімдемін. Ойламаған жерден кездестік. Мұндай сезімді мен бұрын соңды сезініп көрмеген адаммын. Менің возрастымда бұл жағдай нормально ма, деп те кеше сториста сұрадым сіздерден. Барлықтарыңыз расымен де менің бақытты болғанымды қалайды екенсіздер.

“Бақытты болыңыз!” “Бақытты болуға әбден лайықтысың!” деген жүрекжарды тілектеріңіз мені одан сайын бақытты етті. Мені бақытқа кенелткен бір адам бар екендігіне басында сенбеген едім. Қаншама жылдар бойы жандүниемде ондай жеңілдікті сезінген емес едім. Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі орта жасқа жеткеніне қарамастан, барлық адам бақытты өмір сүру керегін айтты. 

“Дәл осы жасқа келіп, осындай махаббатты жүрегіме салып, сол адаммен қауыштырғанына Аллаға мың шүкір! Сіздерге де осындай махаббатты сезінуді Алла жазсын! Ал, құттықтауларыңызды жаза кетіңіздер! Менің жасымда тұрмысқа шығу қалыпты ма?! Жасым 47-де. 4 баланың анасымын. Қыз ұзатып, құдағи атандым. Мен бақытты болуға ұмтылдым. Алладан дұға етіп сұрай бердім”, – деді өнер иесі.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады