Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

«Еңбегім бұлай бағаланбаған»: Қымбат тосынсый алған Жұлдызай Дүйсенбиева көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Әзілдерімен халықтың көңілінен орын алған актриса, вайнер Жұлдызай Дүйсенбиеваға отандық дизайнер Ғани Көбеев көлік сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Еңбегім бұлай бағаланбаған»: Қымбат тосынсый алған Жұлдызай Дүйсенбиева көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Қымбат сыйлықты тосынсый ретінде ұсынған дизайнер Ғани Көбеев бұл жаңалықпен өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Күтпеген тосынсыйға көңілі толқыған актриса көз жасына ерік берді.  Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін еңбегі осынша жоғары бағаланбағанын да жасырмады.

“Осы күнге дейін қанша жерде еңбек еттім. Еңбегім дәл осылай бағаланбапты. Әлі өзіме сенбей тұрмын. Бұрын-соңды ешкімнен бағалы сыйлық алып көрмеппін. Қатты қуанып тұрмын. Көлігіңе емес, көңіліңе рақмет. “Қазақстанның құрметті азаматына” берілді” деп інім күлдіртіп жатыр”, – деп қуанышын жасыра алмады өнер иесі.

Оқырмандары бұл жаңалыққа шынайы қуанып, Жұлдызайға ақжарма тілектерін жаудырды.

“Күні кеше сұхбат алып отырып, көлігінің жоқ екенін айтқан еді”, "Ғани мырзаның танылуына Жұлдызай ханымның еңбегі орасан ғой. Актерлік қырын ашып, кәсібін дөңгелетіп берді. Сол жақсылығын бағалаған Ғани мырза да мәрт екен" "Құтты болсын! Жылап қалдым қосылып! Жаным, Жузи, үнемі вайн түсірем деп сенбей қалды! Ғани, саған Алла разы болсын! Сені құдай көтерсін! Жузи бәріне лайықты жан" "Жұлдызай сенің аппақ көңіліңнің жемісі бұл. Соны бағалаған Ғани қандай мықты жігіт! Өрлей беріңіздер" "Ғани Жұлдызай әпкенің арқасында танылғанын ұмытпай рахметін білдіріп жатыр. Жарайсың, еңбектеріңіз жана берсін, саудаларыңыздың тек берекесін берсін!”, – деп жүрекжарды тілектерін білдірді оқырман қауым. 

Stan.kz сайтының жазуынша, «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын иеленген  өнер жұлдыздарының арасында Жұлдызай Дүйсенбиева да бар. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады