Прямая трансляция

Астана

Астана

9.68°C

«Соңғы күн секілді...»: Төреғалидың қарындасы жазба қалдырды

Фариза Төреәлі денсаулығына байланысты жаңалығымен бөлісті. 

«Соңғы күн секілді...»: Төреғалидың қарындасы жазба қалдырды
фото: әлеуметтік желіден

Оған еліміздің дәрігерлері қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған.

"Алла мені құтқарды. Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды. Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік поджелудокта, одан таралып өкпеге кеткен деген.. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза", - деп жазды блогер.

Ол өзінің әлі шок күйінде екенін айтып, бұндай жағдайды басынан өткізген адамдар ғана шын түсінетінін жеткізді.

"Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін "соңғы күн" секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат.

Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр!

Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін. Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды", - деп жазды Фариза Төреәлі желідегі парақшасында.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады