Прямая трансляция

Астана

Астана

11.9°C

«Кешірім сұраудың орнына ақталып отыр»: Блогер Айсәуле Бақытбек Бейбіт Шүменовті «малға» теңеді

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек күні кеше бала ұстаған ер адамға жұдырық ала жүгіріп, басы дауға қалған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Кешірім сұраудың орнына ақталып отыр»: Блогер Айсәуле Бақытбек Бейбіт Шүменовті «малға» теңеді
Фото: stan.kz

Айсәуле Бақытбек боксшының тиісті жазасын алудың орнына, бостандықта тайраңдап жүргенін айтып, құзырлы органдарға наразылығын жеткізді. 

Мынау сұмдық қой! Біздің елде өз ісіне салғырттық танытатын құзырлы органдар жұмыс істейді. Тіпті еліміздің бокс федерациясы кәсіби боксшының мұндай әрекетіне ешқандай пікір білдірмейді. Сол себепті Қазақстанда тұру қорқынышты. Оның жұдырығы – суық қару. Балаға психологиялық тұрғыдан қаншалықты ауыр тигенін елестету мүмкін емес, – деп жазды Айсәуле Бақытбек. 

Блогер жәбірленушінің сырқат баласы жайлы айтып отырып көзіне жас алды. 

Бейнежазба астындағы пікірлерді оқып отырып Бейбіттің бұл әрекетін ақтап жатқан адамдардан шошыдым. Төбелес балалар арасындағы жанжалдан басталған. Жәбірленушінің баласы аутизммен ауыратыны белгілі болды. Ойлап көріңізші, біздің елде ерекше балалардың ата-анасына онсыз да қиын. Себебі аутизммен ауыратын балаларға ешқандай жағдай жасалмаған. Ойын-сауық орталығына барса ол бала қайда ойнауы керек? Онымен қоймай кез келген адам осылай тап береді. Бейбіт болған жағдай үшін кешірім сұраудың орнына, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ақталып отыр. Осындай «малдарды» жақтайтын адамдар бар қоғамда баланы қалай өсіріп, тәрбиелеуге болады, – дейді көз жасына ерік берген Айсәуле Бақытбек.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады