Прямая трансляция

Астана

Астана

9.1°C

Сахнадан көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұраттың қайда жүргені белгілі болды

Актер, әнші Мұрат Қожа “Ұйқым келмейді” бағдарламасында “Нұрлан мен Мұрат” дуэтінің қайта құрылуына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сахнадан көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұраттың қайда жүргені белгілі болды
Фото: stan.kz

“Біз бағдарламаларға, тойларға, кейбір концерттерге, түсірілімдерге бірге барамыз. Дуэт әлі бар, табыс та табамыз. Негізі “Нұрлан мен Мұраттың” бірге болуы бізге де ұтымды. Өйткені ел бізді бірге көрсе толық образды көргендей болады. Сондықтан “Нұрлан мен Мұраттың” ғұмыры бар деп ойлаймын. Бірақ біз жаңа ән жазбаймыз деп шештік. Себебі халық жаңа әнімізді керек етпейді. Өзіміздің 4-5 әніміз бар. Халық “Шашы ұзын қыз”, “Жаулап алды махаббат”, “Ләйлә”, “Жұлдызым” деген әндерімізді сұрайды”, – дейді Мұрат Қожа. 

Өнер иесі қазіргі кезде Ақтау қаласында тұрып жатыр.

“Маңғыстау – өзімнің туған жерім, ата-анам, ағайын-туысым сол жақта. Орта жасқа келген соң жақындарымның жанында болайық, туған жерге де қызмет етейік дедім. Қазір Атаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрының актерімін. Бұрыннан 40 жастан кейін ауылға қызмет етемін деп ойлайтынмын. Нақты немен айналысатынымды білмедім. Кейін өзім театр институтын бітірдім. Ақтауда театр ашылғандықтан, үлкен сахнада өнер көрсеткім келді, сөйтіп мүмкіндікті пайдаланып, театрға жұмысқа тұрдым. Спектакльде ойнау – үлкен өнер .20 жылдан кейін театрға оралу қиындау болды. Мұнда ұстазым Нұрқанат Жақыпбаевтың тәрбиесі қатты көмектесті. Кино, сериалдарға пробаға түсіп көрдім, кастингтен өттім, бірақ өзім бас тарттым. Себебі, уақытты көп алады, оның үстіне ақшасы аз”, – дейді өнер иесі. 

Бұған дейін Мұрат Қожа қатты сырқаттанып қалғаны туралы айтқан болатын. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады