Прямая трансляция

Астана

Астана

4.88°C

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көпшіліктің көзінше Уәлибек Әбдрайымовтан кешірім сұрады

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінен кешірім сұрауын талап еткен Уәлибек Әбдрайымовқа жауап беріп, 14 жылға созылған даудың соңғы нүктесін қойды деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көпшіліктің көзінше Уәлибек Әбдрайымовтан кешірім сұрады
коллаж: stan.kz

“Paradox” бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай Жұлдызайға: “Шаншар” театрының директоры Уәлибек Әбдрайымовты қалай ренжітіп алдыңыз?” деген сауал қойды. Актриса: “Ол үлкен кісі ғой. Адам жасы үлкейген сайын ренжігіш болады екен.сің. Ол кісі мен жиырма жасқа үлкен. Менің өзім біреу бір нәрсе десе өзіме қабылдап, жылап қаламын. Мен Уәкең туралы еш жерде “Осы кісі оңбаған, осының кесірінен аш қалдым” деген емеспін. Бірақ біреулер Уәкеңе солай жеткізіпті. Мен ол кісінің алдында дұрыс емес нәрсе жасадым деп ойламаймын. Уәкеңді жақсы көремін. “Қанша жерден мені тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберсеңіз де, тіземді қағып, қайтадан мойныңыздан құшақтаймын” деп өзіне айтқан болатынмын. Уәкең мен үшін орны бөлек адам, “Шаншар” қарашаңырақ болып қалады. Сонда өстім, өндім. Ол кісіге ешқандай өкпем жоқ”, – дейді Жұлдызай.

Десе де, актриса кішілігін көрсетіп, көптің көзінше Уәлибек Әбдрайымовтан кешірім сұрады.

“Егер қапыда ренжітіп, байқамай көңіліне тиетін сөздер айтып қалсам, дүйім жұрттың алдында кешірім сұраймын. Алланың разылығы үшін, кешіріңіз. Мен сізді жек көрмеймін. Осымен 14 жылдық әңгіме бітсін. Үлкен кісіге ештеңе демеймін, не айтса да, ұрысса да жарасады, өкпесі де орынды. Үйде әкеміз де ұрысады, ешқайда кетіп қалмаймыз ғой?!”, – деді актриса ағасын әкесіндей көретінін меңзеп.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады