Прямая трансляция

Астана

Астана

11.9°C

«Қарсы болдық»: Жұбаныш Жексенұлы италиялық келіні туралы сыр шертті (видео)

Осыдан бірнеше жыл бұрын отандық танымал әнші Жұбаныш Жексеннің ұлы италиялық аруға үйленген болатын. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында ұлының өзге ұлт өкіліне үйленуіне қарсы болғанын, ал қазір төрт жасар немересі барын айтты, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қарсы болдық»: Жұбаныш Жексенұлы италиялық келіні туралы сыр шертті (видео)
Фото: видеодан скриншот

Сұхбат барысында Жексенұлы шетелдік келіннің көңілінен шыққанын жеткізді.

"Мың келінге татитын бір келін" деп айтуға болады. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі, оқығаны. Ол - консерваторияның пианино сыныбын қызыл дипломмен бітірген музыкант. Музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес. Ұлым - гитарист. Гитарист пен пианисттен туған үйде кішкентай немерем бар. Ол - менің қуанышым", - деді Жұбаныш Жексенұлы.

Cұхбат барысында өнер иесі бірнеше жыл ұлының өзге ұлттың қызына үйленуіне қарсы болғанын да жасырмады.

"Мен нағыз қазақы ортада, отбасыда өскенмін. Басында әрине, қаншама жыл біз де қарсы болдық. Кейін жастар дегеніне жетеді ғой. Бізге дәлелдеумен болды. Бір-бірін сүйіп, өз дегенінен қайтпай тұрғаннан кейін мақсатына жетті. Ол түсінбегендіктен емес, қазақи болмысымыздан. Оның махаббат екенін анасы да, мен де түсініп жүрдік. Бірақ біз тәрбиесі басқа адамдармыз. Менің әкем "Келініміз басқа ұлттан" дегенде, бәрін тоқтатып, "Ұлттың жаманы болмайды, адамы дұрыс болсын" деді. Осы бір ауыз сөзбен бәрі шешілді", - деді Жұбаныш Жексенұлы.

Сонымен қатар әнші көпшілікке өзінің отбасы жайлы жаңалықтарды айтқысы келмейтінін мәлім етті.

"Менің ұлым үйленді. Қазір төрт жастағы немерем бар. Жалпы мен отбасылық әңгімелерді көп айтқым келмейді. Бірақ, ел айтқызады. "Италиялық келін қалай?", "Қайда танысты?", "Олар қайда, Қазақстанда ма?" деп сұрайды. Ол енді менің жеке басыма, отбасыма қатысты нәрсе ғой. "Жұртқа оның несі қызық" деп ойлаймын. Сахнадағы жұмысымды біліп, мені әртіс ретінде таныса деймін. Мен жұрттың бәріне керемет болып көрінуді армандамаймын. Мені әнші ретінде, кәсіби деңгейде жұмыс істейтін музыкант ретінде таныса болды. Жеке өмірімде ешкімнің шаруасы болмау керек деп ойлаймын", - деді Жұбаныш Жексенұлы. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады