Прямая трансляция

Астана

Астана

10.15°C

«Аналары болғанда басқа болар еді»: Балалары туралы айтқан Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды

Өнер әлемінде жүргеніне 30 жылдан асқан әнші Медеу Арынбаев "1001 түн" бағдарламасында жан сырын ақтарды. Пандемия уақытында өзге әртістер бизнес бастаса, Арынбаев өнерден өзге салаға мойын бұрмаған. 

«Аналары болғанда басқа болар еді»: Балалары туралы айтқан Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды
Фото: ашық дереккөз

Ол 25 жылдан бері тек композиторлықпен айналысып келе жатқанын жеткізді, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Сахнада өз қалауыммен бір бағытты ұстап келе жатырмын. Ұстаздыққа да бет бұрмадым. Ән айтып, 25 жылдан бері композиторлықпен айналысып келе жатырмын. Ән жазу менде әдетке айналған. Пандемия маған оңынан әсер етті. Кәсіби шеберлігімді шыңдап, дауысымды орнына қойдым. Әнді өңдеуді үйреніп алдым. Ән сатып ақша таппаймын, ол заман кетті ғой", - деді әнші.

Сонымен қатар Медеу Арынбаев отбасы және ұлы мен қызы жайлы айтты. "Ұлым Алматыда. Оқуды тәмамдап, жұмыс қарастырып жатыр. Қызым қазір Вьетнамда. Заманауи бидің шебері екен. Әлеуметтік желіге шығып жүреді екен, мен оны білмеймін. Екеуі де өнерлі, бірақ сахнаның өте жауапты екенін, оңай еместігін біледі. Қызым өзіме тартқан. Өзі жұмысқа кіреді, өзі орталық ашады. Мен тек қана қолдаушымын. Мені де әке-шешем "Аллаға тапсырдық" деген. Қызымды мен де бір Аллаға тапсырдым, сенемін. Мен балаларыма сенемін.

"Өзімнің жүріс-тұрысыммен үлгі болсам" деген ұстанымым бар. Аналары болғанда мүлде басқа болар еді. Астарлап қана, "Абайлап жүріңдер. Шектен шықпаңдар" деймін болды", - деді Медеу Арынбаев.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады