Прямая трансляция

Астана

Астана

10.15°C

Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің өзі жайлы айтқан кей сөзін жоққа шығарды

Қазақстандық әнші Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің "TALK LIKE" бағдарламасына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. Ол ажырасуға өзі арызданғанын баса айтып, актердің кейбір сөздерін жоққа шығарды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің өзі жайлы айтқан кей сөзін жоққа шығарды
Фото: ашық дереккөз

Шәріп Серік сұхбат барысында бұрынғы әйелін сүйгенін айтып, олардың ажырасу себебін түсіндірген болатын. Бұл сұхбатқа Say Mo Instagram парақшасында пікір білдірді.

"Кейбір адамдар менен "Бұрынғы күйеуіңнің сұхбатын көрдің бе?" деп сұрап жатыр. Жауап: Жоқ. Себебі, TikTok желісінде көрген үзіндінің өзі маған жетіп жатыр. Араларыңызда толық көрген жандар болса, айтыңыздаршы, ол тәуелділігін, маған қиянат жасағанын айтты ма?", - деді әнші.

Сонымен қатар Say Mo бұрынғы күйеуінің сұхбатта айтқан кей сөздерін жоққа шығарды.

"Біріншіден, ажырасуға өтінішті мен бердім. Бұл шешімге мен келдім, ол емес. Екіншіден, ол менің ашық-шашық киінуіме ешқашан қарсы болған емес. Себебі, әуел бастан ол сондай қызға қарады. Жалпы, ер адамдар қызықсыздар. Алдымен сондай қыздарды ұнатасыздар да, кейін оны өзгертуге тырысасыздар. Әйелдер де адам. Олар қалай өмір сүруді өзі шешеді. Қарым-қатынаста біреуді өзгертуге тырыспаңыздар", - деді актердің бұрынғы жұбайы.

Сондай-ақ әнші Шәріп Серікпен өткен жылы кездесіп, бұл тақырыпқа нүкте қойғанын айтты. "Быстры бәрін талқыладық. Бұл бір-бірімізді көріп қалғанда ыңғайсыздық сезімі болмауы үшін еді. Алайда біздің ортақ достарымыз мен жайлы желіге бөліскеннен кейін Шәріптің оларды блоктап тастағанын естідім. Баланың тірлігі ғой. Жарайды, уақыт өте басылар дедім. Бірақ арада екі жыл өткенде осылай сұхбат беріп отыр. Бұл еркекше емес, Шәріп", - деп айтты Say Mo. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады