Прямая трансляция

Астана

Астана

10.15°C

Айдана Меденова анасы қайтыс болғанда өзіне қол жұмсамақ болған

Әнші Айдана Меденова анасынан айырылған кезде терең күйзеліске түскенін айтады. Небәрі 15 жаста болған ол сол сәтте өмірмен қоштасуды ойлаған. Абырой болғанда, есін тез жиып, бұл райынан бас тартқан. Ал осыдан жарты жылдай бұрын әкесінен айырылған Айдана қиын кезеңдерді қалай өткергенін әңгімеледі. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясованың «MOM'sкий әңгіме» подкастында айтты.

Айдана Меденова анасы қайтыс болғанда өзіне қол жұмсамақ болған
Фото: caravan.kz

Айдана отбасында үш ағайындының кенжесі. Өзінен үлкен әпкесі мен ағасы бар. «Анам қаза болғанда, ең ауыр соққы маған тиді», - деп ағынан жарылды әнші. Десе де, Меденова өзін, әкесін ойлап, есін тез жиғанын, ерте есейгенін айтады.

«Үлкен кісілерге, әсіресе ер кісілерге өзінің жартысын жоғалтып алу өте ауыр болады екен. Біз оған түсіністікпен қарадық. Барлығымыз бағыт-бағдарымызды жоғалтып алдық. Біз де, әкеміз де не істерін білмей қалды. Біз оған қарап, керісінше оған көмек бергіміз келді. Ол сәтте үйдің ең кенжесіне, яғни маған өте қиын болды. Әпкемнің өз жанұясы болды, ағам есейіп үлгерген.

Әкеміз екінші рет үйленді. Менің тағы бір інім пайда болды. Ол кезеңге қайта оралғым келмейді. Көп сөз, көп ойлар келеді. Бірақ әр адамның өмірінде өз қиыншылықтары болады.

15 жасымда анам кеткенде бір секундқа сондай ойлар болды. Өйткені өзімді анамсыз елестете алмайтынмын. Соны естігенде 9-қабаттың балконына жүгіргенмін. Жанымда ағам болды. Ағамның да қандай күйге түскенін көрдім. Соның барлығы басымда қалып қалған. Бірақ менің мінезім керісінше қатты болып шықты. Сол 1 минут әлсіздікке басымдық бердім де, бірден өзімді жинап алдым. Қазір де кез-келген жағдайда өзімді тез жинап аламын.

Сол 15 жасымда: «Ертең өмірім өзім қалағандай болу үшін не істеуім керек?" деген сауалды өзіме қойдым», - дейді Айдана Меденова.

Анасынан ерте айырылған Айдананың әкесі де осыдан жарты жыл бұрын өмірден озды. Ұзақ уақыт ауырған әкесінің жанында болған Меденова сол аралықта шығармашылығын тоқтатып қойғанын айтып өтті.

«Күйзелістен шығуыма күйеуім көмектесті. Көп нәрселерді бірге өткердік. Әкем жарты жылдай ауырды. Сол кезде барлық жерден «пауза» алдым», - дейді Айдана Меденова.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады