Прямая трансляция

Астана

Астана

11.14°C

«Ақботаны ұрып, зорладым»: Жігер Ауыпбаев қандай қиындықтарға тап болғанын айтты

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Жігер Ауыпбаев басты рөлді сомдаған телехикая бірер күн бұрын көрерменге жол тартты. Картинада Ақбота тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 35 жастағы аянышты әйелдің рөлін сомдаса, әнші Жігерге қызқұмар, екіжүзді ердің рөлі бұйырған. "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында қос актер түсірілім кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын әңгімеледі, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ақботаны ұрып, зорладым»: Жігер Ауыпбаев қандай қиындықтарға тап болғанын айтты
Фото: ашық дереккөзі

"Бақыттың кілті" деп аталатын сериалға Айдын Сахаман режиссерлік еткен. Жағымсыз кейіпкер Тілеутайды сомдаған Жігердің бұл сериалдағы дебюті. Алғашқы тәжірибе болғандықтан, Жігер өзін қалай ұстау керектігін білмей, жаңылысқанын айтады. 

"Кастингке басқа рөлге, Бағланның (авт. бас кейіпкер Еңліктің күйеуі) рөліне дайындалып келдім. Еңлікті (авт. Ақбота-Нұр) ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым. Образға кіріп кетіп, қатты ұрып жіберіппін. Режиссер келіп: "Шынымен ұрып жібердің ба?"- деп таңғалып қарап тұр. Өзімнің рөлімнен өзім жиіркеніп кеттім. Өкінішке қарай, қоғамда бар нәрсе", - деп ағынан жарылды Жігер.

"Екі айдың ішінде Ақботаның бетінен бет қалмайды. Сол себепті Тілеутайдың рөліне көрейік, деді режиссер", - дейді Ақбота-Нұр. 

Бұған дейін бірқатар отандық сериалдарда бой көрсеткен Ақбота алғашқыда рөлінен бас тартпақ болған. Айтуынша, тағдыр тауқыметін тартып, өмірінің 15 жылын таяқ жеумен өткізіп, өз-өзін ұмытқан бақытсыз Еңліктің рөлін сомдау оңайға соқпапты. 

"Бірінші күннен бастап түсірілім алаңында күлуге, қатты сөйлеуге тыйым салды. Мұңайып, басымды төмен салбыратып, аянышты әйелді сомдадым. 

Еңлік 15 жыл бойы күйеуінің айтқанымен өмір сүріп, үйден шықпайтын әйел, өзіндік шекарасы, пікірі болмаған. Тек қана бала, күйеу деген принциппен өмір сүрген", - дейді Ақбота-Нұр. 

Ал жуырда ғана тұсауы кесілген телехикаяның соңында қандай сахна болатынын Ауыпбаев аңдамай айтып қойды. Сөзінше, режиссер оған "Ақботаны зорлайсың" деген талап қойған. 

"Соны алып шығу қиын болды", - деп ағынан жарылды Жігер. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады