Прямая трансляция

Астана

Астана

11.06°C

"Духың көп па?": Желіде әнші Бағлан Әбдірайымовтың видеосы тарады

Желіде әнші Бағлан Әбдірайымовты күзетшілер күштеп ғимараттан шығарып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Мassaget сайтына сілтеме жасап. 

"Духың көп па?": Желіде әнші Бағлан Әбдірайымовтың видеосы тарады
Фото: baglan_abdraimov_official

Видеоны Facebook-парақшасында Азат Дидарбек атты қолданушы жариялаған. Кадрларда екі күзетші Бағлан Әбдірайымовты екі қолынан ұстап, күштеп сыртқа шығармақ болып жатқаны көрінеді. Ал әншінің өзі болса, оларға бой бермей күш көрсетіп бағады. Видеодан әншінің: "Сен мені танымадың ба? Духың көп па сонша?" - дегені де естіледі.

Желідегі видеоға пікір білдіргендер қарасы да көп. Олардың көбісі видеоның шынайы екеніне күмәнмен қарап, әнші мұндай әрекетке барады дегенге сенбеген. Кейбіреулері мұның кино болуы мүмкін екенін айтса, кейбірі видеодағы Бағлан Әбдірайымов емес деген пікір қалдырған.

Бірақ, кейін бұл кадрларды әншінің өзі де Instagram-парақшасындағы Stories-те жариялап, өзі жазған кітаптың негізінде фильм түсіріліп жатқанын айтқан.

Әншінің айтуынша, түсірілім Қонаев қаласында өткен.

"Қапшағайды бітірдік. Қазір көлікке жарық қойып жатыр. Қалған түсірілімдер қалада", - дейді әнші. 

Еске салайық, 2019 жылы Бағлан Әбдірайымов "Ақ пен қара" атты кітабын шығарған болатын. Әншінің айтуынша, онда қоғамдағы басты дерттердің бірі - құмар ойын мәселесі қозғалған.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады