Прямая трансляция

Астана

Астана

11.8°C

"Әлі есімнен кетпейді": Әнші Балжан Бидаш не себепті Түркияда ота жасатқанын түсіндірді

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі, актер Жахан Отарғалиевтің жұбайы Балжан Бидаш Түркияның Стамбул қаласында неліктен ота жасатуға мәжбүр болғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әлі есімнен кетпейді": Әнші Балжан Бидаш не себепті Түркияда ота жасатқанын түсіндірді
фото: nur.kz

Белгілі болғандай, әнші құлағы мен мұрнына ота жасатқан.

"Бір күні құлағым қатты ауырды. Құлағымның пердесі жарылып кеткен екен. Оны білмей уақыт өткізіп, құлағыма су кіргізе бергенмін. Мұндай жағдайда су тигізуге болмайды. Менің құлағым жуынып шыққан соң қатты ауырып, белгі берді. Сол ауырғаны әлі есімнен кетпейді. Дәрігер операциямен құлақтың пердесін бітеу керектігін айтты. Уақыт өте келе есту қабілетім де төмендеп кетті. Егер құлақтың пердесі тесік болса, оны бітетпесеңіз, ішіне шаң-тозаң, микроб, инфекция кіріп, миға баруы мүмкін! Уақыт өте құлағыңыз естімей қалуы мүмкін", - деп жазды әнші.

Балжан Бидаш аллергияға қарсы спрейлерсіз өмір сүре алмайтын күнге жеткенін де жасырған жоқ.

"Аллергозолсыз өмір сүре алмай кеттім. Аллергияның белгісі болмаса да мұрыным бітеліп, жанымда 24 сағат жүретін спрей құтқаратын. Түнде демала алмай, шошып оянып, спрей жоқ болса түн ортасында дәріханаға баруға тура келетін. Спрейді көп сепкендіктен мұрыным қызарып кететін. Таныс жағдай ма? Дәрігер менде спрейге тәуелділік барын айтып, қанша қиналсам да спрей қолданбауымды айтты. Шыдадым. Иә, басылды, қойды. Бірақ қайта басталды. Неше түрлі емнің түрін көрдім. Болмады. Стамбулға келіп қаралғанда ішіне ет өскенін, лазермен кішірейту керектігін айтты. Құлақ-мұрын дегенің қазір екінің бірінде проблема. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Құлағымның естуі жақсарды, мұрныммен терең демалатын болдым", - деді әнші.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады