Прямая трансляция

Астана

Астана

9.1°C

"Өзімнің халімді білемін": Роза Рымбаева сахнадан кетуге қатысты ойын айтты

Айтуынша, ел алдында жүрген әр адам бұл жауапкершілікті ұғынып, өнерге адалдық таныту керек.

"Өзімнің халімді білемін": Роза Рымбаева сахнадан кетуге қатысты ойын айтты
фото: ашық дереккөз

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева биыл 64 жасқа толды. Жетпіске қарай аяқ басса да, әнші әлі де сахнада өнер көрсетуге қауқарлы. Өнер адамының өнерден кетуі жөніндегі ой-пікірлерін ол әнші Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты деп жазады NUR.KZ.

Роза Рымбаева өз сұхбатында өнерге деген құрметі ерекше екенін және өзінен бұрын өнерді бірінші орынға қоятынын айтты.

Айтуынша, ел алдында жүрген әр адам бұл жауапкершілікті ұғынып, өнерге адалдық таныту керек. Десе де, ол әр әнші өзінің қауқарын бағамдап, өнерден кететін уақытын білуі тиіс деп есептейді.

Мен өзімнің халімді білемін. Менің әлі он шақты жыл сахнада өнер көрсететін шамам бар. Энергиям, күш-қуатым, келбетім бар, құдайға шүкір. Әртіс уақытында сахнадан кетуі керек. Сол жағынан кешігіп қалсам, онда елге күлкі боламын. Грета Гарбо есімді әйгілі актриса бар ғой. Сол жасы келгенде кинодан кеткен ғой. Тіпті елге көрінбеген. Себебі ол басқа деңгейін, басқа түрін көрсеткісі келмеген. Сол жарық жұлдыз кезіндегі келбетім халықтың есінде қалсын деп. Бізде ондай емес, бізде жай ғана уақытында сахнадан кету керек. Уақытында, елге күлкі болмай, дірілдеп-қалшылдамай, алжымай дегендей, - деді ол.

Өнер иесінің сөзінше, бұл өмірде әр әнші - жеке дара тұлға. Сондықтан бір әншіні екіншісі еш уақытта қайталай алмайды деп есептейді әнші.

Ешқашан да бір әншіні екінші әнші, мейлі ол сенің ұлың, қызың, сіңілім, бауырың болсын, қайталай алмайды. Бір адам еш уақытта екіншісіне ұқсамайды. Одан кейінгілер де шығып жатады, бірақ ол мүлдем басқаша болады. Қазіргі жастардың музыкасы мүлде басқа. Ритмі, стилі, мәнері басқа, - деді әнші. 

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Кең болсаң, кем болмайсың»: Қайрат Нұртас Астанадағы концертінде жанкүйеріне алтын алқасын сыйлады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Құдай ар-ұждан үлестіргенде саған ештеңе тимей қалған ба?!»: Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға араласты «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады