Жаңа Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне алдын ала ескертусіз тосын тексеріс жүргізді, деп жазады Paryz.kz.
Тексеру барысында министр әскери қызметтің ұйымдастырылуымен, казармалардың жай-күйімен және әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен танысты.
Бөлімнің инфрақұрылымына да ерекше назар аударылды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді шешу және әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.