Прямая трансляция

Астана

Астана

16.57°C

Түркістан облысында жаңбырдан кейін бірнеше ауылда сел жүрді

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 1 қазанда жауған толассыз жаңбырдың салдарынан бірнеше елді мекенді су басып, көшелер бойымен лайлы сел ақты. Куәгерлер мен жергілікті тұрғындар төтенше жағдайдың кадрларын әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысында жаңбырдан кейін бірнеше ауылда сел жүрді
Фото: видеодан скриншот

Аудандық әкімдіктің алдын ала берген ресми мәліметі бойынша, зардап шеккен тұрғындар мен құлаған тұрғын үйлер тіркелген жоқ.    

Табиғи апаттың салдарын жоюға 64 маман мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Арнайы топтар су басу қаупі бар аумақтарды тазалап, аулаларды судан арылту жұмыстарын жүргізіп жатыр.    

Ауласы мен үйлерін су басқан тұрғындарға жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.

Жергілікті билік тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, сел жүру қаупі бар аумақтарға жақындамауды сұрайды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.