Прямая трансляция

Астана

Астана

11.35°C

Жетісудағы қайғылы оқиға: жеке үйдегі өрттен үш бала қаза тапты

25 қыркүйек таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында орналасқан жеке үйде жойқын өрт шығып, салдарынан үш бала көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жетісудағы қайғылы оқиға: жеке үйдегі өрттен үш бала қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Halykstan арнасы жазды.

Өрт барак үлгісіндегі жеке тұрғын үйде тұтанған. Балалардың анасы 13 жасар үлкен баласымен бірге жанып жатқан үйден өз бетінше сыртқа шығып үлгерген, ал қалған үш бала іште қалып қойған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында үй ішінен бір жасар, алты жасар және сегіз жасар үш баланың денесін тауып, сыртқа шығарды.

Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себептері мен қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды.