Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Көліктердің әйнегіне сурет салу арқылы танылған атыраулық суретші дүниеден өтті

Автокөлік әйнектеріне сурет салу арқылы танылған атыраулық суретші Аслан Жазиков дүниеден озды, деп хабарлайды paryz.kz.

Көліктердің әйнегіне сурет салу арқылы танылған атыраулық суретші дүниеден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Аслан Жазиковтің қайтыс болғаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында оның жұбайы хабарлады. Ол күйеуінің шығармашылығын жанкүйер болғандардың бәріне алғыс айтты.

"Осы парақшаның иесі, суретші ретінде танылған жолдасым Аслан кеше Алланың панасына қайтты. Асланның қолөнерін осы күнге дейін тамашалап, қолдап-қолпаштап келгендеріңізге рақмет. Бірақ, өкінішке қарай, парақша сурет салу бойынша өз жұмысын тоқтатады. Суретке тапсырыс беру туралы өтініштер жазып мазаламауларыңызды сұраймын. Парақша өшпейді. Жолдасымның туындылары естелік ретінде сақталады", - деді ол.

Суретші көптеген танымал тұлғалардың, оның ішінде Криштиану Роналду, Дастан Сәтпаев және Елена Рыбакина секілді спортшылардың портретін салған.