Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында кран құлап, бір жұмысшы көз жұмды.

БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
uralsk_week_media

Оқиға Мичурино ауылында таңертең сағат 10: 00 шамасында болған. Полиция мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан алаңда мұнаралы кран құлаған.

Салдарынан кран машинисі оқиға орнында көз жұмды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.