Таразда шулы видеодан кейін полиция қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды paryz.kz.
«Аталған бейнежазбада көрсетілген полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесіне сәйкес, қызметкерге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды», – деп хабарлады ведомствода.