Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтау портында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

2 қарашада сағат 16:55-те Ақтау теңіз портының кірме жолындағы күзетілмейтін әрі реттелмейтін теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтау портында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты
Фото: видиодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі шамамен 5 шақырым/сағ жылдамдықпен кері бағытта келе жатқан тепловозға жол бермеген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Соқтығысудан тепловоз едәуір техникалық зақым алды. Оқиға туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. 

"Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына жүк көлігі жүргізушісінің Жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған", — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде мұқият болуға, жол белгілері мен сигналдарының талаптарын сақтауға және пойыздарға жол беруге үндеді. Компания өкілдері қозғалыс қауіпсіздігі әр жүргізушінің тәртібіне байланысты екенін еске салды.