Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: sputnik.kz

Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

"Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.