Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Семейде үй жөндеп жатқан ер адам үйінді астында қалды

Семейде құтқарушылар жеке тұрғын үйдің опырылған конструкцияларының астында қалған ер адамды аман алып шықты. Оқиға құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Семейде үй жөндеп жатқан ер адам үйінді астында қалды
Фото: видиодан скриншот

Алдыңғы күні 112 пультіне қаладағы жеке үйлердің бірінде төбе жабындарының опырылғаны туралы хабарлама түскен. Ер адам құлаған конструкциялардың астында қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.