Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Атырауда департамент басшысының мәйіті өз пәтерінен табылды

Атырау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы Бауыржан Асаиновтың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атырауда департамент басшысының мәйіті өз пәтерінен табылды
Фото: gov.kz

Шенеуніктің қазасын оның әріптестері растап, ведомствоның ресми парақшасында көңіл айту хабарламасын жариялады.

"Ақ Жайық" баслымының жазуынша, марқұмның мәйіті 18 қазанда табылған.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, шенеуніңтің мәйіті өзі тұрған пәтерден табылған. Бауыржан Асаиновтың денесі пәтерде екі аптаға жуық жатқан. Осы аралықта үйде жылу қосылып, өлім себебін анықтауды қиындатқан.

Облыстық полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Алайда істің мән-жайын ашып айтпады. 

Айта кетейік, Бауыржан Асаинов 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап Атырау облыстық әлеуметтік қорғау департаментін басқарып келді. Бұған дейін ол прокуратура органдарында, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде еңбек еткен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған.