Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

ШҚО-да Риддер қаласын қалың қар басып қалды

ШҚО Риддер қаласын қалың қар басты. Тұрғындар желіде қаланы қар басып қалғанын жазып, видеоларын бөлісуде, деп хабарлайды paryz.kz.

ШҚО-да Риддер қаласын қалың қар басып қалды
Фото: видиодан скриншот

Риддерліктер желіде қалаға қалың қар жауғанын жазып, видеоларын бөлісіп жатыр.

Олардың сөзінше, қар бір тәулік бойы жауған. Қар 21 қазанда жауа бастап, бүгін тіптен қаланы басып қалған.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, 23 қазанда ШҚО-да жауын-шашын (қар) болуы мүмкін екенін, сондай-ақ облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауып, боран болатынын ескертті.