Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Банк қызметкерлері де бар: Астанада заңсыз интернет-казино ұйымдастырғандар ұсталды

Астанада заңсыз интернет-казинолардың жұмыс істеуіне жағдай жасаған бір топ адамға қатысты тергеуді аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Банк қызметкерлері де бар: Астанада заңсыз интернет-казино ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: sputnik.kz

Заңсыз қызмет "Nomadgames", "Sultangames" интернет-сайттары мен олардың көшірме сайттары арқылы жүргізілген. Ойыншылардан ақша қабылдау үшін төлем ұйымдары, банк эквайрингі, POS және интернет-терминалдар, электрондық әмияндар мен криптовалюта құралдары қамтылған көпсатылы төлем жүйесі пайдаланылған.

"Бұл іске банк саласының өкілдері де қатысқан. Олар төлем инфрақұрылымына қосып, міндетті тексеру жүргізбестен шарттар жасаған. Интернет-терминалдарға тиісті MCC-кодтар берген. Ақша операцияларының шын мәніндегі мақсатын жасыру үшін олар заңды букмекерлік және өзге де кәсіпкерлік қызмет аясында жүргізілгендей көрсетілген", - дейді агенттікте.

Осылайша электрондық терминалдар арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналымға түскен.