Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, үш жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды paryz.kz.
28 қазанда автобус жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Полиция мәліметінше, кенет тежеуді басу салдарынан автобустағы үш жолаушы дене жарақатын алған.
Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.