Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Астанада жеке тұрғын үй өртенді

Түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Талапкер көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді. Елордалық құтқарушылар жеке тұрғын үйді шарпыған өртті сөндірді, деп хабарлайды paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жеке тұрғын үй өртенді
Фото: видиодан скриншот

Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген.

"Жеткен бойда қызметкерлер өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады. 100 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды өртке әкелуі мүмкін кемшіліктерді дер кезінде жоюға шақырады.