Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтауда хирургке күш көрсеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда ер адам хирургке күш көрсетті, деп хабарлады paryz.kz.

Ақтауда хирургке күш көрсеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: видиодан скриншот

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, дәрігер баланы қарап, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін әкесіне сабырмен түсіндірген.

Алайда баланың әкесі күтпеген жерден үстелді теуіп, дәрігерге тап берген. Бірнеше адам әрең дегенде араша болған.

Бүгін балалар хирургі кезекшілікке шығып, жұмысқа кіріскен. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.