Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қазақстанның ең қарт тұрғыны дүниеден өтті

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Ұлытау облысының әкімдігі жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанның ең қарт тұрғыны дүниеден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Ұлытау облысының әкімдігі ғасырдан астам ғұмыр кешіп, тұтас бір дәуірдің куәсі болған Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Ұзақ әрі өнегелі ғұмырында Түймегүл апа 15 немере мен 25 шөбере сүйіп, бірнеше ұрпақтың өсіп-жетілуіне куә болды. Ол өз әулетінің ақылшысы, тірегі әрі берекесі еді. Түймегүл апа тек отбасының амандығын ойлап қана қоймай, ел өміріне де бейжай қарамаған жан болатын. Мемлекет үшін маңызды оқиғалардан тыс қалмай, қоғамдағы өзгерістерді жіті қадағалап, ел болашағына әрдайым алаңдап отырды. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен ананың өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі ұрпақтарының жадында ғана емес, еліміздің тарихында да сақталатынына сенімдіміз", - делінген көңіл айту хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, көп ұзамай жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам ғұмыр кешкен.