Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Текеліде экскаватор оқушыны басып кетті

Текелі қаласында экскаватор мектеп оқушысын басып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Текеліде экскаватор оқушыны басып кетті
Фото: видиодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді.

Велосипед мінген бала өтіп кеткен. Оның артынан рюкзак асынған қыз ілескен. Сол кезде оны шөміші бар экскаватор екі доңғалағымен басып өткен. Үшінші адам жолдан өтіп үлгермеді.

Жетісу облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қиылыста жаяу жүгіншілер жолағында кәмелет жасқа толмаған қызды басып кеткен. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Техника жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.