Алматыда жолаушыға тіл тигізген такси жүргізушісі жеті тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды paryz.kz.
Таксиге кішкентай баласы бар келіншек отырған. Оның айтуынша, баласы аяғын есікке тигізген. Бұған 53 жастағы жүргізуші ашуланып, жолаушыға тіл тигізе бастаған. Мәселені сабырмен шешудің орнына жолаушыларды түсіргеннен кейін де балағат сөз айтқан. Ал әйел бәрін ұялы телефонына түсіріп үлгерген.
"Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берді. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары адамды қорлауға, әсіресе, балалардың көзінше қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтынын ескертті.