Прямая трансляция

Астана

Астана

11.45°C

Шымкентте белгілі асаба есірткімен ұсталды

Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Астана қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ішкі істер органдарының мәліметінше, ол елімізге белгілі асаба болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте белгілі асаба есірткімен ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Арнайы тінту барысында тәртіп сақшылары қонақүй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимерлі пакет пен өсімдік тектес затты тауып, тәркіледі. Ресми деректерге сүйенсек, ұстау кезінде асабамен бірге интимдік қызмет көрсететін әйел адам болған.

Күдікті берген жауабында тәркіленген заттардың «мефедрон» синтетикалық есірткісі және «марихуана» екенін мойындап, оларды тек өзі пайдалану үшін сатып алғанын жеткізген.

Қазіргі таңда тәркіленген заттардың нақты құрамы мен салмағын анықтау мақсатында сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі басқа деректер жария етуге жатпайды.