Прямая трансляция

Астана

Астана

16.14°C

Қазақстанда кенді заңсыз өндіріп, шетелге шығарған: 950 млн теңгелік схема әшкереленді

Ұлытау облысында Қаражал қаласындағы "Восточный" карьерінің аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған бір топ адамның әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда кенді заңсыз өндіріп, шетелге шығарған: 950 млн теңгелік схема әшкереленді
Фото: pixabay.com

Күдіктілер кен өндіру үшін экскаватор, тиегіш және самосвалдар сияқты ауыр карьер техникасын пайдаланған. Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.

Кейін марганец кені жүк көліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарылған.

Тергеу барысында сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асқаны, ал оның құны 950 млн теңгеден астам екені анықталған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.