Прямая трансляция

Астана

Астана

17.12°C

Астанада әйелді пышақтап өтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды

Астанада әйел адамға шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты ресми түсініктемені Елордалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада әйелді пышақтап өтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды
Фото: Астана қаласы полиция департаменті

Полиция мәліметінше, оқиға 23 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында орын алған. Әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жеткен.

Анықталғандай, марқұмға пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ПД бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сонымен қатар, полиция өкілдері әлеуметтік желілерде тарап жатқан сыбыстарға қатысты жауап берді: Күдікті азамат полиция қызметкері болып табылмайды.

Тергеу барысы Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тәртіп сақшылары кінәлі тұлғаның заң талаптарына сәйкес ең қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.